Жеңіске деген табандылық пен ерік үшін
21.12.2021
Шағын футбол мен волейболдан компания біріншілігінің қорытындысы шығарылды.
Футзалдан құрылымдық бөлімшелер арасындағы турнирде «Богатырь» кенішінің тобында жүлдегерлер болды: БЖЖ учаскесі – 1 орын, Аршу кешені – 2 орын, ШЖУ-2 – 3 орын. БЖКБ тобында: «Ударная» ЖҚД – 1 орын, «Эксплуатация» ЖҚД – 2 орын, «Богатырская» ст. – 3 орын. ТКЖЖ зауыты / ТЖЖЖД тобында: Мех.цех – 1 орын, ВРЦ – 2 орын, ТЖЖЖД – 3 орын. Атқ.аппарат, ТКБ, ЭЖД, Автобаза тобында: ТКБ –1 орын, ЭЖУ-2 – 2 орын, ЭЖУ-1 – 3 орын.
Волейбол жарыстарында Серіктестіктің ең мықты командасы атағын БЖКБ құрамасы (капитан – А.Рожок) жеңіп алды, турнирдің екінші командасы «Богатырь» кенішінің құрамасы (капитан – В. Дереберя)алса, үшінші орын Т/Ж кешенінің құрамасында (капитан – Е. Сатмағанбетов).
Павлодарда өткен шахмат бойынша (блиц) облыс чемпионатынан күміс медальмен БЖКБ қызметкері, қаланың мықты шахматшыларының бірі Еркін Құрманбаев оралды.
Паралимпиадашылар арасында пауэрлифтингтен облыстық жарыста энергиямен жабдықтау дирекциясының қызметкері Ерік Солтанғалин қола медальға ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және спортта жаңа жетістіктер тілейміз!
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.