14.12.2021
«Богатырь Көмір» компаниясында бірқатар іс-шаралар еліміз үшін мерейтойлық күн-ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Мерекелік бағдарламамен Екібастұз өңірінің ауылдарына кәсіпорынның көркемөнерпаздар ұжымы аттанды. Біздің әртістеріміздің - қазақ тілін үйрену курсы оқушыларының репертуарында қазақ ұлттық музыкасының классикасына енген ең танымал композициялар бар. Богатырлықтар қойған концерт бүгін Сарықамыс тұрғындарын қуантты, ертең қонақтарды Бәйет пен Атығайда күтеді. Мерекелік көшпелі іс-шара «Богатырь Көмір» ЖШС мемлекеттік тілді дамыту тобының жетекшісі Манар Ерботинаның бастамасымен өткізілуде.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.