Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

14.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС конференц-залында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап еліміздің мемлекеттік егемендігімен құрдас қызметкерлермен кездесті.

Кездесуді ашқан бас директордың орынбасары жас қызметкерлерді барлық қазақстандықтар үшін маңызды тарихи кезеңмен құттықтады. Содан кейін өткен пікір алмасу барысында кездесуге қатысушылар компания жастарын толғандыратын мәселелерді талқылады. Диалог барысында нақты ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, «Богатырь» кенішінің №2 -жол учаскесінің шебері Дархан Анафин баскетбол алаңын абаттандыруға көмек көрсетуді сұрады. Бұл бастама барлық қатысушылардан оң жауап алды. Кездесу соңында олардың әрқайсысына белгілі екібастұздық айтыскер ақын Алмагүл Жүгінісованың өлеңдер жинағы табыс етілді.

Айта кетейік, «Богатырь Көмір» компаниясында Тәуелсіздік күніне орай осы күннің еліміздің бүгіні мен болашағы үшін ерекше маңыздылығын атап өтуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу