Тегін көмір – қызметкерлерге
10.12.2021
Жыл сайын «Богатырь Көмір» компаниясы пешпен жылытылатын үйлерде тұратын өз қызметкерлеріне 10 тонна көмірден тегін бөледі. Жылыту маусымында туған кәсіпорыннан осындай көмек ауыз толтырып айтарлық қолдау.
Тегін көмір алу үшін Серіктестік қызметкеріне бар болғаны растайтын құжаттарды ұсынуы керек: «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-нің абоненттік бөлімінен оның үйі орталық жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған туралы анықтама, сондай-ақ «Богатырь Көмірдің» кадр бөлімінен компанияның қызметкері екендігі туралы анықтама. Осы құжаттарды «Богатырь» кенішінің ӘТК кассасына ұсынғаннан кейін оған 10 тонна көмірді тегін алуға (өздігінен тасуға) талон беріледі.
Айта кетейік, Серіктестік кәсіпорын ардагерлері туралы да ұмытпайды. Компания көрсеткен қамқорлықтың арқасында пешпен жылытылатын үйлерде тұратын жұмыс істемейтін зейнеткер кеншілер, мүгедектер, шахтерлердің жесірлері көмірмен қамтамасыз етілді. Барлығы 21 отбасы 10 тонна көмірді тегін алды.Бұдан басқа, қайырымдылық көмек ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз өңірінің аса мұқтаж тұрғындарына – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы алатын және пешпен жылытылатын үйлерде тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге 3500 тонна қатты отын бөлді. Серіктестік аймақтағы рухани мекемелерге көмек көрсетеді. Ақкөл ауылындағы «Исабек Ишан» мешітіне – 40 тонна, Ақтоғай ауылындағы «Жандарбек» мешітіне – 70 тонна, Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырына - 60 тонна көмір тегін берілді.
«Богатырь Көмір» әлеуметтік жауапты компания бола отырып, адамдардың өмірі жақсы және жайлы болуы үшін барлығын жасайды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.