Робот-тартқыш жолда

07.12.2021

Бұрын «Богатырь Көмірге» түскен Vollert PRO TANDEM DER-300 маневрлік робот-тартқыштың екінші секциясы Литваның Клайпеда қаласының портынан келе жатыр, ол «Богатырь» кенішінің циклді-толассыз технологиясы кезінде пайдаланылатын болады.

«Ақылды локомотивтің» 75 тонналық құрамдас бөлігі, бірінші бөлігі сияқты, арнайы платформада жеткізіледі. Екінші секцияға басқару пульті мен электр жабдығы кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында келген машинаның бірінші бөлігі Caterpillar фирмасы шығарған дизель-генератор қондырғысымен және Atlas Copco фирмасы шығарған заманауи жоғары өнімді компрессормен жабдықталған. Екінші секцияны алғаннан кейін тартқыштың екі құрамдас бөлігі бір тұтасқа біріктіріледі және маневрлік роботты жасаушы Vollert компаниясы бас инженерлерінің бақылауымен оны іске қосу, реттеу, сынау және қызметкерлерді оқыту жүзеге асырылады, содан кейін машина ЦТТ жобасының іске қосылуын күтеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу