Еңбек үшін марапаттар
01.12.2021
Тұңғыш Президент күніне орай, көп жылғы адал еңбегі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Богатырь Көмір» компаниясының екі қызметкері марапаттармен атап өтілді.
Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасына «Богатырь» кенішінің №3 Жол учаскесінің шебері Болатқан Асылханов ие болды. Болатқан көмір кәсіпорнында 17 жыл еңбек етіп келеді, ол көпшілік сияқты жол жөндеуші болып бастаған. Әріптестерінің пікірінше, Болатқанды тапсырылған іске жауапкершілік, орындаушылық пен анықтық ерекшелендіреді.
Естай атындағы балалар музыка мектебінде өткен Екібастұз жұртшылығының мерекелік жиналысында да «Богатырь Көмір» қызметкерлерінің еңбегін атап өтті. Қала әкімінің Құрмет грамотасы ТКБ ТБЖ учаскесінің механигі Асхат Ахмедьяновқа табысталды. Асхаттың еңбек өтілі 29 жыл. Ұқыпты және бастамашыл, өндірісті шебер ұйымдастырушы ол ұжымда лайықты беделге ие.
Фотосурет Валерий Бугаевтікі және Геннадий Дробецтікі