Екі богатырлық палуан
02.11.2021
Павлодар облысының қазақ күресінен өткен біріншілігінде богатырлық палуандар екі алтын медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақта «Богатырь» кенішінің №2 электрлендіру учаскесінің байланыс желісінің электрмонтері Иманбек Әлкенов қарсыластарын сенімді жеңді. 60 келіге дейінгі салмақта «Богатырь» кенішіндегі №1 ЖжәнеҮЖУ учаскесінің экскаваторы машинисінің көмекшісі Мақсат Еркебұлановқа тең болған жоқ. Медальдармен бірге біздің екі спортшы да алдағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және республикалық турнирде жеңістер тілейміз!
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.