Аңызға айналған адамның мерейтойы
01.11.2021
Бүгін көмір өндірісінің ардагері, «Екібастұзкөмір» бірлестігінің соңғы бас директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екі шақырылымының депутаты, Екібастұз бен Павлодар облысының Құрметті азаматы Аманғос Титауұлы Өтегенов 75 жылдығын атап өтуде.
Белгілі жерлесіміздің мерейтойына орай «Қайнар» ББК акт залында салтанатты іс - шара өтті, оған қаланың құрметті адамдары – ардагерлер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Амангелді Титауұлының әріптестері мен шәкірттері бірлескен жұмыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Мерейтой иесіне құттықтау хаттарын Павлодар облысының әкімі, қала басшысы, қалалық мәслихат депутаттары жолдады.
Акционерлердің, «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы мен ұжымының атынан ардагерге компанияның бас директоры Николай Корсаков өз тілектерін білдірді:
- Сізді осы мерейтойлық күнмен жеке құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. «Богатырь Көмір» компаниясының, оның акционерлерінің атынан кәсіпорынның дамуына қосқан үлесіңіз үшін, басқару кезеңінде Сіз қабылдаған және жүзеге асырған шешімдер үшін, кеншілердің ұрпағын дайындаған үшін алғыс айтамын.
Кеншілердің жаңа ауысымы атынан Сіздің қағидаттарыңызды басшылыққа ала отырып, кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне құрмет пен әділ қарым-қатынас сезіміне сүйене отырып, оның ұзақ мерзімді дамуының игілігі үшін компанияны дамытуға міндеттенемін. Мен Сізді осы айтулы күнмен құттықтаймын, Сізге мықты денсаулық тілеймін және бүкіл Серіктестіктен «Оқжетпес» шипажайындағы емдеу-сауықтыру курсына сыйлық сертификатын табыс етемін. Өткізілген демалыс Сіздің денсаулығыңызды нығайтып, күш-қуат қоссын!
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.