Богатырьлық көмек
07.10.2021
Жыл сайын «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз өңірінің аса мұқтаж тұрғындарына қайырымдылық көмек ретінде көмір бөледі.
Осы жылы да кәсіпорын көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы алатын және пешпен жылытылатын тұрғын үйі бар жалғыз басты зейнеткерлерге 3500 тонна қатты отын берді.
Серіктестік діни бірлестіктердің де өтініштерін назардан тыс қалдырмайды. Ақкөл ауылындағы «Исабек Ишан» және Ақкөл ауылындағы «Жандарбек» мешіттерінің имамдары жазған хатқа ықыластарын білдіріп, кәсіпорын рухани мекемелерге 40 және 70 тонна көмір бөлді. Павлодар және Екібастұз махалласының Петропавл әйелдер монастрьіне 60 тонна көмір бөлумен қайырымдылық көмек көрсетті.
«Богатырь Көмір» компаниясы үшін жылумен бөлісу әлеуметтік жауапты компания ретінде бос сөз емес, нақты іс.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.