Өмірін кенішке арнады
01.10.2021
Бүгін «Богатырь Көмір» ұжымы Ибрагим Досмұхамбетовты құрметті демалысқа шығарып салды. Оның еңбек жолы төрт жыл бойы басқарған Қазақстанның ең ірі кенішімен тығыз байланысты.
Қазақ политехникалық институтының Рудный қаласындағы филиалын бітіргеннен кейін бірден ол жлдама бойынша Екібастұзға келді, онда өзінің еңбек жолын №1 тау-кен өндіру жұмыстары учаскесінде тау-кен шеберінен бастады. Екі айдан кейін ол әскерге кетті. Қайтып оралғаннан кейін бірден жұмысқа қайта оралды, бірақ №2 учаскеге. Мұнда оны басшылық байқады. Ұқыпты және сауатты қызметкерге алты айдан кейін учаске бастығының орынбасары лауазымы ұсынылды, ал бір жарым жылдан кейін ол учаске бастығына көтерілді. 2004 жылы Ибрагим Досмұхамбетова «Северный» кенішінің №2 өндіру жұмыстары учаскесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Үш жылдан кейін ол көмір кешенінің бастығы, кейін директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженер болады. Ал 2017 жылы «Богатырь» кенішінің директоры болып тағайындалды. Ибрагим Ердавлетович техникалық қайта жарақтандырудың және жаңа технологиялық шешімдерді енгізудің куәгері және тікелей қатысушысы болды. «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директоры Николай Корсаков өзінің құттықтау сөзінде кенішті дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығы туралы айтты.
– Көп жылдар бойы Сіздің еңбек өмірбаяныңыз Руднин институтын бітіргеннен кейін Екібастұзбен тығыз байланысты және «Богатырьдағы» жұмыс Сіздің мансабыңыздағы ең қызықты, жемісті, кәсіби маңызды болды деп айтсам, қателеспеймін деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде Сіз ниеттестердің тамаша ұжымын қалыптастырдыңыз, үлкен тәжірибе мен білім жинадыңыз, көптеген кәсіби жеңістерге жеттіңіз, көптеген міндеттерді шештіңіз. Терең ойлау қабілеті, өзіне және басқаларға жоғары талап қою, өз міндеттерін орындау үшін адалдық пен жауапкершілік Сізге қойылған міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік берді. Сізге шын жүректен белсенді ұзақ өмір, амандық, денсаулық, бақыт тілеймін.
Өз кезегінде Ибрагим Ердавлетовичтің әріптестері талантты кенші және басшымен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.