Үш ұрпақтың кездесуі

17.09.2021

«Богатырь Көмір» қызметкерлерінің үш ұрпағы бір үстел басында жиналды, олардың бәрін біріктіретіні ең бастысы – кейбіреулері мұғалімдер, басқалары олардың тілалғыш студенттері болды. Тәлімгерлермен кездесуді оқу-курстық комбинатының педагогтары біріккен жастар қозғалысының белсенділерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Жайлы жағдайда өндіріс ардагерлері, бүгін де тәлімгер болған олардың шәкірттері және жас мамандар өндіріске алғаш рет қалай келгендері және өз кәсібінде алғашқы қадамдары жайлы әңгімелерімен бөлісті. Оларға бұл ретте аға жолдастары көмектесті. Экскаватор машинисті Қаңлыбай Үмбетәлиев зейнеткерлік жасқа жеткеніне бір жыл болғанын, бірақ жұмыс істеуге қалғанын және әлі күнге дейін өз білімін машинистердің көмекшілеріне беретінін айтты. Басқалары болса, зейнетке шыққанда сүйікті ісімен – гүл өсірумен, шығармашылықпен айналыса алатындарын айтып, өз сөздерін іс-әрекеттерімен растады. Жарас Төлеуов домбырада екі күй шертсе, ал Сергей Захаров гитарамен ән шырқады. Ұзақ уақыт бойы жастар өздерінің тәлімгерлерімен әңгімелесті. Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені олардың арқасында ұрпақтар сабақтастығы мен жұмысшы мамандықтарына деген құрмет сақталады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу