16.09.2021
Еңбек күні қарсаңында «Богатырь Көмірдің» оқу-курстық комбинаты көмір саласының ардагерлерін қонаққа шақырды.
Құрметті қонақтар үшін кәсіпорынның Еңбек даңқы мұражайында арнайы экскурсия өткізілді. Көмір кен орнының қалыптасу тарихы туралы экспозициялар жиналған залда ардагерлер өз әріптестерін тапқан мұрағаттық фотосуреттерді қуана қарады. Қалай болғанда да, мұндай кездесулерде олар өндірісте жұмыс істеуге байланысты оқиғаларды, сол кездегі дәстүрлерді еске алды. Өз кезегінде, ОКК қызметкерлері ардагерлерге мұражай келушілеріне қызықты болатын тарихи құжаттармен бөлісуді сұрады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.