Даму жобалары іске асырылуда

14.09.2021

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің таяудағы Қазақстан халқына Жолдауында отын-энергетика кешенін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді атап өтті. Қазірдің өзінде Екібастұз өңірінде Қазақстан энергетикасы үшін маңызды жобалар іске асырылуда.

Атап айтқанда, «Богатырь» кенішінде оның қуатын 32 млн-нан 40 млн тоннаға дейін арттыратын көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдық-ағындық технологиясын енгізу жобасы, сондай-ақ Екібастұз МАЭС-1 № 1 Энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз МАЭС-2 үшінші энергия блогын салу жобалары.

Мемлекет басшысының жобаларын іске асыру және тапсырмаларының орындалуы туралы «Самұрық-Энерго АҚ-ның өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Төтебаев Екібастұз қаласында өткен баспасөз туры кезінде республикалық жетекші БАҚ журналистеріне айтып берді.

Басылымдар мен телеарналардың тілшілері «Богатырь» кенішінде салынып жатқан циклдық-ағындық технологиялар (ЦАТ) нысандарында болып, оларға жобаның мәні мен оның артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олар құрылыс ауқымын – ұсатқыштарды, конвейерлерді, орташа тиеу пунктін монтаждауды көрді.

Естеріңізге сала кетейік, «Богатырь» кенішінде көмір өндіру технологиясын түбегейлі өзгерту қажеттілігі тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен байланысты, бұл ретте көмірді тасымалдаудың қолданыстағы теміржол сызбасы тиімсіз. Сондықтан қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС ЦАТ жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда, оны аяқтау 2022 жылдың екінші тоқсанында жоспарланып отыр. Жаңа технологияны енгізу «Богатырь Көмір» ЖШС-нің өндірістік қуатын 50 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, теміржол вагондарына көмір тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмір тиелетін вагондар айналымының уақытын 3 есе қысқартады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу