Өз үлестерін қосты
06.09.2021
«Богатырь Көмір» компаниясы осы күндері Қарағанды қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық жарыстардың – өрт-құтқару (өрт-қолданбалы) спортынан ерлер арасындағы XVI Әлем Чемпионатының және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатының демеушілерінің бірі болды.
Спорттың өрт сөндіру-құтқару түрлері бойынша әлем чемпионаттарын өткізу бүкіл әлемнің спорт ұйымдары арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға, өрт сөндіру-құтқару қызметтері қызметкерлерінің кәсіби және жауынгерлік даярлығын, спорттық шеберлігін арттыруға, әлемде өрт сөндіру-құтқару спортын дамытуға және танымал етуге бағытталған. Бұл турнирге жақын және алыс шетел командалары қатысуда. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорттың бес түрінде жарысады: оқу мұнарасының 4-ші және 2-ші қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100-метрлік жолақтан өту, 4х100 метрлік өрт эстафетасы, әскери қанат жаю, қоссайыс.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.