Серіктестердің құттықтаулары
02.09.2021
Кеншілерге арналған мереке күндері богатырліктерді серіктес кәсіпорынның өкілі-«УЗТМ-КАРТЭКС Қазақстан» ЖШС директоры Константин Смирных құттықтады.
– Ауыр карьерлік ЭКГ экскаваторларының «Уралмашзавод» және «ИЗ-КАРТЭКС» екі жетекші өндірушілерін біріктіретін «УЗТМ-КАРТЭКС» компаниясы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Біз «Богатырь Көмір» паркінде біздің өндірісіміздің экскаваторлары бар екенін мақтан тұтамыз. Біз жасаған техника сенімді қолда екенін көріп отырмыз. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін. Сіздерге жұмыстарыңыз үшін рахмет!
«УЗТМ-КАРТЭКС» компаниясы басшылығының құттықтау хатымен бірге өкілдік басшысы ЭКГ экскаватор машинистері арасында өткен кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы Вячеслав Вахрушевке (УДР № 3, ЭКГ – 12,5 № 2647) - «Stels auto» кілттер жиынтығын, екінші орын алған Борис Беспальковқа (УДР №2, ЭКГ-4УС № 2476) - «Bosch» бұрыштық ажарлағыш машинасын (болгарка), үшінші жүлдегер Денис Шестаковқа (УДР № 3, ЭКГ – 15М № 1901) «Bosch» бұрағышын сыйға тартты.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.