Білім үшін жорыққа
01.09.2021
«Богатырь Көмір» компаниясы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын қолдап, бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар жасады.
Биыл көмек көп балалы отбасылардан шыққан қызметкерлердің балаларына (төрт және одан да көп бала) және корпоративтік қорда есепте тұрған мүгедек балаларға жіберілді.
Көмек алу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелеріне алдын ала жіберілді. Жеткізу үшін 100 жиынтық жиналды. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаларға рюкзактармен қажетті кеңсе керек-жарақтарын сыйға тартты: дәптерлер мен альбомдар, түрлі-түсті қағаздар мен қарындаштар, ермексаз бен акварель бояулары және тағы басқалар.
Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді, яғни барлық бірінші сынып оқушылары үшін ұмытылмас болады. Шын жүректен оларға оқуда табыс және жаңа ашылулар тілейміз!
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.