Білу және дамыту

31.08.2021

«Богатырь Көмір»  компаниясында қазақ тілін үйренуге үлкен көңіл бөлінеді және қызметкерлер мектеп қабырғасынан алған білімдерін тереңдетуге мүмкіндікті бар ниетімен пайдаланады.

Оған дәлел, әр оқу жылында мемлекеттік тілді дамыту бөліміне оқуға ниет білдірген Серіктестік қызметкерлерінен 40-тан астам өтінім келіп түседі. Білім күні қарсаңында компанияның жиырма қызметкеріне  курсты сәтті тәмамдағаны туралы сертификаттар берілді. Оқу қорытындысы бойынша барлық түлектер мемлекеттік тілді білу емтихандарын тапсырды. Ал қазан айының басынан бастап жаңа топтармен сабақтар басталады. Тіл үйренуді қалайтындар әлі де телефон арқылы жазыла алады: жұмыс тел. 22-35-19, 22-36-58, ұялы. 8 778 130 42 79 (whatsapp).

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу