Көшбасшылыққа шықты

25.08.2021

Келе жатқан Шахтер күнін «Богатырь Көмір»  кеншілері еңбек жетістіктерімен ғана емес, спорттық ареналарда табысты өнер көрсетуімен де қарсы алады.

Павлодар облысының қазіргі чемпионы «Богатырь Көмір»  футбол командасы осы біріншіліктің фавориттерінің бірі  «Ақбет» командасын (Павлодар қ.) сенімді женіп шықты. Чемпион атағы үшін басты қарсыластардың бірімен бетпе-бет кездесуде біздің футболшылар жауапсыз екі гол соқты. Осы жеңістен кейін богатырліктер  чемпионат аяқталғанға дейін 7 турда турнирлік кестені басқарды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу