Тағы екі рет чемпион

24.08.2021

«Богатырь» кенішінің № 1 ӨТҚ учаскесінің кран машинисті Тахир Ильясов  келе жатқан мереке – Шахтер күнін Азияның төрт дүркін чемпионы мәртебесінде  қарсы алады.

Алматы қаласында армрестлингтен өтіп жатқан құрлықтық турнирде богатырлік спортшы бірден екі алтын медаль жеңіп алды. Біздің даңқты жерлесіміз 50 және одан жоғары жас санатындағы айқастарда – алдымен оң, содан кейін сол қолымен сөзсіз жеңіске жетті. Бұл біріншілікте Тахир Екібастұздың жалғыз өкілі болды. Ал өзінің алғашқы Азияның екі дүркін чемпионы  атағын ол  2019 жылы жеңіп алды, сол кезде оны оң немесе сол қолымен жеңе алатындар болған жоқ. Енді Тахир осы жылдың қазан айының соңында-қараша айының басында Түркияда жоспарланған  әлем чемпионатына дайындалуда. Айта кетейік, әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресте жерлесіміз Иран, Тәжікстан, Өзбекстан спортшыларынан басым түсті. Финалда ол әлем біріншілігіне екінші жолдама алған тағы бір отандасымызды жеңіп алды. Тахир өзінің туған кәсіпорны – «Богатырь Көмірге»  Азия чемпионатына сапарды қаржыландыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.


 

Жаңалықтар тізіміне оралу