Қуат олардың қолыңда
20.08.2021
Компанияның кенішімен өндірістік нысандарының тұрақты қуатпен қамтамасыз етілуі бірінші кезекте электр беру желілерінің сенімділігіне, ал олардың жай-күйі энергиямен жабдықтау жөніндегі дирекцияның электр слесарларының қолында.
Биыл олар алғаш рет «Мамандық бойынша үздік» атағына арналған бірқатар конкурстардың біріне қатысты. Өндірістік шайқастарға арналған арена Северный кешенінің электрмен жабдықтау учаскесі болды. Сегіз қатысушы бірінен соң бірі тіректе жоғары өрмелеу жұмыстарындағы дағдыларын көрсетті: қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, кернеудің жоқтығын тексерді және жерге тұйықтау құралын орнатты, сондай-ақ оқшаулағышта соңғы байлауда өз дағдыларын көрсетті. Осыдан кейін олардың әрқайсысы 20 минут ішінде конкурстың теориялық бөлігінің 20 тест сұрағына жауап берді. Теория мен практика нәтижелері бойынша жинаған балдар жеңімпаз бен екі жүлдегерді анықтады. «Мамандық бойынша үздік» атағына, үлкен кубокқа, құрмет грамотасы мен 25 000 теңге сыйлықақысына Нұрсұлтан Шабалов, екінші орын үшін кубокқа, құрмет грамотасы мен 20 000 теңге сыйлықақысына Қанат Сексенбаев, үшінші орын үшін кіші кубокқа, құрмет грамотасы мен сыйлығына және 15 000 теңге сыйлықақысына Владислав Крамской ие болды. Қалған қатысушыларға 10 000 теңге сомасындағы сыйлық сертификаттары берілді, оларға қала дүкендерінің бірінен электр тауарларын сатып алуға болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.