Миллиметрге дәлдікпен

19.08.2021

ТКЖЖ зауытының токарлері  «Мамандығы бойынша үздік» атағына өткен конкурс барысында сызбаларды талдай білу және бөлшектерді айналдыру дағдыларын көрсетті.

Өндірістік жарысқа әр түрлі учаскелердің атынан шыққан 10 сайыскер қатысты. Алдымен олар байқаудың теориялық бөлімі бойынша комиссияның 10 сұрағына жауап берді. Әр жауап 5 балдық шкала бойынша бағаланды. Содан кейін өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсету сәті басталды. Бағалаудың объективтілігі үшін барлық қатысушылар тапсырманы кезек тәртібімен сол бір бұранда кескіш токарь станогында орындады. Олардың әрқайсысына сызба бойынша дайындамадан  МУВП ф24х102 сұққысын жасау ұсынылды. Өткізілген уақытты ескере отырып, іс-әрекеттердің реттілігі де, жұмыс сапасы да бағаланды. Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша бас кубокты және сыйлық ретінде электр кәуап пісірушіні жеңіп алған Сергей Чевжик кәсіби шеберлік байқауының сөзсіз жеңімпазы атанды, екінші орын үшін кубок иегері, күміс жүлдегері атанып, электр кофе қайнатқышты Әділбек Асылбеков жеңіп алса, үшінші орын мен электр шәйнегіне Алмаз Ахметов ие болды. Бұдан басқа, бірінші орын алғандарға карточкалық шоттарына 25 000 теңге, екінші жүлдегерге – 15 000 теңге, үшінші орынға – 10 000 теңге аударылады.

Қалған қатысушылар 5 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықақыға ие болды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу