Тағы біреу қосылды
13.08.2021
«Богатырь» кенішінің технологиялық жолдарының жаңа әмбебап БелАЗ-76470 суарғыш машинасы шықты.
Суармалау және шаң басу ісінде таптырмайтын көмекші болып табылатын бұл арнайы машина кеніштің нағыз жүрегінде — көмір шығару, тиеу және тасымалдау үрдісі тікелей жүретін тау кен учаскелерінде пайдаланылатын болады. Жаңа машинаның негізгі артықшылығы — цистерна сыйымдылығы 32 текше метр., қозғалтқыш қуаттылығы 500 ат күші өндірістік сипаттамасында ғана емес, сонымен бірге жүргізуші кабинасын жабдықтау сапасында да. Өйткені сіздің алдыңызда электронды құрылғы панелі мен орнатылған үш бейнекамераға қосылған артқы және бүйірлі көріністерді қарауға арналған мониторы бола тұра, қуатты машинаны басқару қаншалықты ыңғайлы. Еске салсақ, компанияның дәл осындай әмбебап суарғыш машинасын сатып алғанына көп уақыт болған жоқ. Міне, «Богатырь Көмір» технологиялық көлік Басқармасының паркіне тағы жаңа техника келді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.