Дәнекерлеу қолөнерінің шеберлері

07.08.2021

Борщты ғана емес, сонымен қатар үлкен өндіріс үшін қажет түрлі металл өнімдерін де шебер пісіру керек. «Богатырь Көмір» басқа бөлімшелерінің «Мамандық бойынша үздік» атағы үшін бақ сынаған мамандарының еңбек жолын ТЖЖЖД электргазбен дәнекерлеушілері қолдады.

Байқауды өткізу орны жылжымалы құрамды жөндеу цехы болды. Құрамы бойынша ең көп толымдысы вагон-жөндеу цехы болды, одан 6 адам қатысуға ниет білдірді, екі қатысушы 2-ЖҚД, бір – бірден – «Богатырская» ЖҚД және ЖҚЖЦ атынан қатысты. Бөлінген жарты сағат ішінде 25 тест сұрағына жауап бере отырып, қатысушылар жеребе тастау бойынша екі тәжірибелік тапсырманы орындады. Сызбаларға сәйкес олар көлденең және тік күйде металл плиталарды дәнекерледі. Орындалған жұмысты бағалау критерийлері: қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмсалған уақыт, құрастыру және дәнекерлеу сапасы. Әр сәйкессіздік үшін 1 балл алынды.

Өндірістік жарыстың екі турының қорытындысы бойынша бірінші орынды Дмитрий Стародубец (ВЖЦ), екінші орынды Виктор Хадеев (2-ЖҚД), үшінші орынды Сұлтанмұрат Темербек жеңіп алды. Барлық жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Марапат ретінде жеңімпаз карточкалық есепшотқа – 25 000 теңге, екінші жүлдегер – 20 000 теңге, «қола» иегері – 10 000 теңге алады. Қалған қатысушыларға көтермелеу түрінде 9 000 теңгеден берілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу