Техника оларға бағынышты
05.08.2021
«Богатырь Көмір» компаниясындағы кәсіби шеберлік конкурстарының сериясын технологиялық көлік басқармасының жүргізушілері жалғастырды.
Басында қатысушылар қауіпсіздік техникасының ережелері мен өздеріне сеніп тапсырылған техниканы білуден тамаша нәтиже көрсете отырып тест тапсырды. Бұл жерде ең көп ұпай алған үш финалист тәжірибелік бөлімге қатысу құқығын алды. Финалға толық құрамда өте алған бульдозершілер ерекшелік көрсетті. Олардың тобында ең жоғары нәтиже – 15 балға қол жеткізген А.Лещенко болды, қалған үш қатысушы тең балдар ала отырып келесі турға өтті.
Конкурсқа қатысушылар бірнеше элементтерді орындауда өздерінің шеберліктерін көрсетулері қажет болды. Өзі аударғыш жүргізушілеріне: «сегіздіктен» өту және артқа шегіне келе берілген шаршыдағы көп тонналыны тоқтату, жүк түсіргенге ұқсата отырып кузовты көтеру, сосын сол бағытпен бастапқы орынға келу. Бульдозершілерге – иірімнен өту, текшелеуді қалыптастыруға ұқсата отырып қайырмасымен бөшкені итеру, сосын қайырманы басқа бөшкенің үстіне жақындату, ақырында қопсытқышпен тұғырда тұрған жұмыртқаны жару. Автогрейдер операторлары иірімді меңгерулері, берілген шаршы алаңын қопсытқыш пен қайырманың көмегімен тегістерулері, конуспен белгіленген периметрге түзу кірулері, сосын тұғырда орнатылған екі сүзгіні абайлап құлатулары қажет болды.
Екі турдың қорытындысы бойынша «Мамандығы бойынша үздік» конкурсында өз номинациялары бойынша жеңіп алғандар: Р. Тукаев (CAT 785C), Е. Кетебаев (БелАЗ-7513), В. Мальцев (CAT 16М), А. Лещенко (CAT D9R). «Күміс» жүлдегерлер: Ж.Ускембаев (CAT 785C), Б. Альжанов (БелАЗ-7513), Л. Татиев (CAT 16М), Б. Дюсембинов (CAT D9R). «Қола»: А. Капезов (CAT 785C), Е. Кравченко (БелАЗ-7513), Т. Умербаев (CAT 16М), Д. Байтеков (CAT D9R).
Барлық жеңімпаздарға перфораторлар, «күміс» иегерлеріне – бұранда шегені бұрағыштар, «қолаға» - қайрау білдектері берілді. Сонымен қатар, чмпиондардың карточкалық шоттарына 25 000 теңгеден, вице-чемпиондарға – 20 000 теңгеден, үшінші орын алғандарға – 10 000 теңгеден аударылды. Конкурстың қалған қатысушылары 6500 теңге көлемінде сыйлықақымен ынталандырылды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.