Жолдың хас шеберлері
04.08.2021
Иірім, сегіздік, гараж, дәліз және ақырында баскетбол – бұның бәрі мағынасы жоқ сөздер тізбегі ғана емес, «Мамандығы бойынша үздік» атағына автомашинаны асқан шеберлікпен басқару бойынша жарысқа түскен «Богатырь Көмір» автобазасының жүргізушілеріне арналған тәжірибелік тапсырмалардың құрамдастары.
Ал енді бұған «беймәлімділікпен», міндетті теорияны қоссақ, кәсіби шеберлік конкурсының бағдарламасы богатырлық жолдың хас шеберлері үшін нағыз емтихан болды. Жүргізушілер үш номинацияда жарысты: жеңіл, жүк және жолаушылар (автобустар) көлігі. Конкурс тестілеумен басталды, оның үдерісінде жол қозғалысы және ҚТ білуді көрсетіп қана қоймай, автомашинаның құрылысын білу және келесі турға жолдаманы жеңіп алу қажет болды.
Финалға барлығы бірдей өте алмады. Бірақ өткендердің өздерін сынақтар тосып тұрды. Кейбір қатысушылар иірім мен сегіздіктен қиналмай өтіп, қоршаудың символикалық таңбаларын қағып кетіп, жарыстың қашықтығынан шығып кетті, ал жүк машиналары жүргізушілерінің арасында шина – «сақинасына» жіберілген доптар санын толтыра алмағандар болды. «Беймәлімділік» конкурсы жарыстың шарықтау шегі болды, оның барысында қатысушылар машинаның тетіктерін қолмен сипалап анықтады.
Кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары атанғандар: М. Алдангоров (жеңіл көлік), В. Бишлер (жүк көлігі), В. Темиргалиев (жолаушылар көлігі).
2-орынға ие болғандар: А. Жанабергенов (жеңіл көлік), Ж. Абдуахитов (жүк көлігі), Б. Солтангазинов (жолаушылар көлігі).
3-орынды жеңіп алғандар: Е. Садвакасов (жеңіл көлік), Ж. Файзолла (жүк көлігі), Ж. Жунусбеков (жолаушылар көлігі).
Жеңімпаздарға марапат ретінде карточкалық шоттарына 25 000 теңгеден және Шахтер күніне сыйлыққа – бұрыштық ажарлағыш машина (шарқайрақ), күміс жүлдегерлерге – 20 000 теңгеден және перфоратор, қола жүлдегерлерге – 10 000 теңгеден және бұрамашегені бұрағыш берілді. Конкурстың қалған қатысушылары да ынталандырылады, оларға сомын кілтерінің жиынтығы табысталады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.