Кеншінің еңбек мерейтойы

03.08.2021

Бүгін Екібастұз көмір кеніштерінде еңбек қызметінің жарты ғасырлық мерейтойын «Шахтер даңқы» белгісінің кавалері, Құрметті шахтер, ҚР көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директорының орынбасары Владимир Викторович Драныш атап өтуде.

Әулетінен кенші, көмірлі Донбасс тумасы, ол Екібастұзға Лисичан тау-кен техникумын «Тау-кен технигі-маркшейдер» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін келді. Ол үшін алғашқы жұмыс орны «Западный» кеніші болды, онда ол 1971 жылы 3 тамызда учаскелік маркшейдер ретінде қабылданды. Сол кезден бастап Владимир Викторович өз өмірін Екібастұздың көмір кеніштерімен мәңгілікке байланыстырды. Тау-кен цехының бастығы, «Северный» кенішінің бас инженері, «Богатырь» кенішінің техникалық қызметінің басшысы – оның өмірбаянының кезеңдері осындай. Ал 2005 жылы тәжірибелі өндіріс маманы ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директордың орынбасары – келешектегі даму жөніндегі бас инженер болып тағайындалды. Владимир Викторович өзінің еңбек жолында талантты мамандар тобын дайындады. Драныштың белсенді қатысуымен даму жобаларында жүзеге асырылған техникалық шешімдер әзірленді.

Владимир Драныш сіңірген еңбегін ол үшін ерекше күні «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы жоғары бағалады. Мерейтой иесін құттықтаған компанияның бас директоры Николай Корсаков:

– Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын, оған Сіз ең жақсы жылдарыңызды, тәжірибеңізді, шеберлігіңізді, біліміңізді арнадыңыз. Сіздің кәсібилігіңіз, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, қағидатты ұстанымыңыз, адалдығыңыз, үдерістерді түсінгеніңіз үшін рахмет. Сіз әрқашан компанияның мүддесі мен игілігі үшін жұмыс істедіңіз. Біздің ынтымақтастығымыздың жалғасуына, Сізбен бірге тағы да ЦТТ-ны іске қосатынымызға, қажетті кадрларды дайындайтынымызға шын жүректен үміттенемін. Сізге денсаулық пен қуат тілеймін.

Сондай-ақ компанияның техникалық директоры Сергей Усик те ардагерге жақсылық пен амандық тіледі Өз кезегінде мерейтой иесі барлығына жылы лебіздері үшін алғысын білдірді.

Аймақтың көмір саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін және еңбек қызметінің 50-жылдығына орай Владимир Драныш Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу