Шабыт күйінде
26.07.2021
«ПЭ2М (У) үздік машинисті» атағына өндірістік жарыста Богатырь ЖКБ «Ударная» ЖҚД алаңында өткен кәсіби шеберлік байқауының алты қатысушысы таласты.
Алдымен байқау қатысушылары теориялық кезеңнің 50 тест сұрағына жауап беру жылдамдығымен жарысты. Байқаудың дебютанты Анатолий Храбрецов машина жабдықтарын, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы ережелерін үлгілі білетіндігін көрсетті, ол қойылған 50 сұрақтың 49-ына дұрыс жауап бере алды. Тек уақыт айырмашылығы ғана аралық тур кестесінің екінші және үшінші жолдарының иелерін анықтауға көмектесті. Жинаған ұпайлары тең болған жағдайда – 44 балл, ең жақсы уақыт есебінен – 9 минут 51 секунд, жеңімпаз атағына екінші үміткер Евгений Щербаков болды, 10 минут 34 секунд нәтижесімен үшінші болып практикалық турға Дәурен Уныбаев келді. Практикалық тапсырманы орындау үшін – локомотивтің тіреуіште орнатылған планкаға барынша жақын қашықтыққа келуі үшін қатысушыларға екі әрекет жасау мүмкіндігі берілді. Үздік нәтиже есепке алынды. Өткізілген жеребе қорытындысы бойынша бірінші болып сәттілік сынағынан өту жарыс көшбасшысына бұйырды. Айта кету керек, жас машинист өзінің чемпиондық менмендігін алғашқы жарыста іс жүзінде білгір шеберлігі мен керемет түйсігін көрсете отырып растады. Ол жұқа тақтайшаға бұл күні ең аз қашықтыққа – 7 сантиметрге жақындай алды. Бұл рекордтқа қарсыластардың ешқайсысы жете алмады. Тәжірибеден кейін турнирлік таратып салу да өзгерген жоқ. Екі турдың қорытындысы бойынша 99 балл жинаған Анатолий Храбрецов «ПЭ2М (У) үздік машинисті» атағын жеңіп алды, екінші орынды Евгений Щербаков иеленді, құрмет тұғырының үшінші сатысына Дәурен Уныбаев көтерілді. Барлық үштікке лайықты марапаттар берілді: жеңімпазға – кубок, ал жүлдегерлерге – естелік медальдар. Оларға керемет қосымша ретінде ақшалай сыйлықақылар болды. Бірінші орын алғандар карточкалық есепшотқа 25 000 теңге, екінші жүлдегер – 20 000 теңге, «қола» иегері – 10 000 теңге алады. Бұдан басқа, жеңімпазға келесі жылдың ішінде, ай сайын, жалақысына 15 000 теңге мөлшерінде ақшалай үстемеақы есептелетін болады. Қалған қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.