07.07.2021
Тек ұжымдық иммунитет коронавирустың таралуын тоқтата алатынын біле отырып, «Богатырь Көмір» өз қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өтуге ынталандырады.
COVID-19 вакцинациясының толық курсын және сәйкесінше вакциналау паспортын алған қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктердің толық пакеті ұсынылады:
1. Жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша ақылы күн.
Қызметкерге демалысқа қосымша күн ресімдеу үшін табельдік нөмірі мен құрылымдық бөлімшені көрсете отырып, вакциналау паспортын (экранның скрин – фотосуретін) +7 777 762 89 57 WhatsApp - нөміріне немесе АҚ және ЕҚ жөніндегі басқарманың ҚжЕҚ қызметінің бас маманы М. Н. Елубаевтың электрондық поштасына жолдау қажет – marat.elubaev@bogatyr.kz;
2. COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өткен отбасы мүшелерімен (жұбайымен) бірге «Березка» демалыс үйіне демалыс күнгі жолдамалардың ұтыс ойынына қатысу.
Ұтыс апта сайын @bogatyrfm Instagram аккаунтында 14.00-де тікелей эфирде көрсетіледі:
- 07.07.2021;
- 15.07.2021.;
- 23.07.2021.;
- 30.07.2021.;
- 06.08.2021;
- 16.08.2021.
Сондай-ақ, ұтыс ойынында жеңіске жеткен қызметкерлерге, олардың туған балаларына да (екіден көп емес) тегін жолдамалар берілетін болады.
Ұтыс ойынына қатысу үшін қажет:
– жұмыскердің және отбасы мүшесінің (жұбайының) табельдік нөмірі мен құрылымдық бөлімшесін, байланыс телефонын көрсете отырып, вакциналау паспортын (экранның скрин – фотосуретін) +7 777 618 63 18 WhatsApp нөміріне (тек хабарламалар үшін, қоңыраулар қабылданбайды) ұтыс өткізілгенге дейін 2 күн бұрын ұсыну:
- Instagram парақшаларына жазылу: @bogatyr.kz; @bogatyrfm; @too_bk_omd; @directsiya_po_personalu.
Қатысу үшін құжаттар толық емес және сапасыз ұсынылған жағдайда, қызметкер ұтысқа жіберілмейді.
3. Шахтёр күнін мерекелеуге орай жыл сайынғы бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысу, ол тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудан өткен Серіктестік қызметкерлерінің арасында ғана өткізілетін болады.
Сыйлықтар ұтыс ойынына қатысу үшін 13.08.2021 ж. дейінгі мерзімде табельдік нөмірі мен құрылымдық бөлімшені көрсете отырып, вакциналау паспортын (экранның скрин-фотосуретін) +7 777 762 89 57 WhatsApp – нөміріне немесе АҚ және ЕҚ жөніндегі басқармасының ҚжЕҚ қызметінің бас маманы М. Н. Елубаевтың электрондық поштасына жолдау қажет – marat.elubaev@bogatyr.kz.
4. COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Серіктестік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары) «Березка» демалыс үйіне төмендетілген құн бойынша жолдамалар.
Бұдан басқа, ата-анасының екеуі де вакцинацияланған Серіктестік жұмыскерлерінің балаларына «Березка» демалыс үйіне және «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығына (БСО) COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесін ұсынбай кіруге рұқсат етіледі.
Серіктестік қызметкеріне төмендетілген құнмен жолдама алу үшін өзінің және отбасы мүшесінің (жұбайының) вакциналау паспортының көшірмелерін құрылымдық бөлімшелердегі жауапты тұлғаларға ұсынуы қажет:
- «Богатырь» кеніші - Царева Алла Тұрсынқызы (тел: 22-56-01)
- БЖКБ - Қоңырбаев Ерболат Қайырденұлы (тел: 22-56-00)
- Автобаза - Плешкова Анна Николаевна (тел: 22-38-20)
- ТКБ - Искакова Марианна Каирбаевна (тел: 22-38-98)
- ТКЖЖ - Осипова Любовь Владимировна (тел: 22-58-02)
- ЭД - Әубәкірова Анаргүл Ержанқызы (тел: 22-30-90)
- ТЖЖЖД - Макарова Нұрсәуле Әжібайқызы (тел: 22-55-71)
- Атқарушы аппарат - Склярова Анна Ильинична (тел: 22-37-18)
5. Ай сайын, 2021 жылғы тамыздан бастап Covid-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен Серіктестік қызметкерлері санаторий – курорттық және профилактикалық емделуге 100 000 теңге (аванстың әдеттегі мөлшері – 60 000 теңге) мөлшерінде жоғары аванс алу мүмкіндігіне ие болады; күкіртті сутек және көміртегі тотығы бөлінетін аймақта жұмысын растайтын анықтаманы ұсынған кезде – 120 000 теңге (аванстың әдеттегі мөлшері - 80 000 теңге).
Аванс алу үшін өтініштер мен медициналық анықтамалар әлеуметтік даму бөліміне алдағы айдың 20-сына дейін ұсынылады.
Бұдан басқа, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен қызметкерлерге санаторий-курорттық және профилактикалық емделуге екі жаққа жол жүру құнының өтемақысы жүргізілетін болады (қолданыстағы ережеге сәйкес сапар үшін тек бір жаққа ғана өтемақы көзделеді).
Вакциналау паспортын алу 21 күнді алатынын есте ұстаған жөн.