Үлгі көрсетті

25.06.2021

«Богатырь Көмір»  ЖШС бас директоры Николай Корсаков компанияның 100-ден астам қызметкерлері арасында екпе алды.

Серіктестіктің басшылары мен еңбек ұжымы коронавирусқа қарсы вакцинацияны белсенді түрде қолдайды. Міне, №1 емхананың мобильді тобы «Степная» станциясының ӘТК-1 медпунктінде бірінші рет болып отырған жоқ, онда екпе алғысы келетіндердің арасында компанияның бірінші басшысы да болды. Емдік шара  барысында Николай Корсаков баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.

Неліктен вакцинация алуды  шештіңіз?

- Антиденелер сынағы олардың нормадан төмен екенін көрсетті. Мен вакцинация коронавирус жұқтырған жағдайда асқынулардың алдын алудың жалғыз кепілдендірілген әдісі деп санаймын.

Вакцинацияға қарсы пікірлер туралы не ойлайсыз?

- COVID  жоқ немесе вакцинацияның қажеті жоқ деп, тек бір жарым жыл ішінде қайғы-қасіретке ұшырамаған, жақындары немесе таныстары туыстарының қайғы-қасіретін жеңілдету үшін дәрі іздеп барлық дәріханаларға бармаған бақытты адамдар ғана айтулары мүмкін.

Инстаграмдағы вакцинадан кейінгі жағымсыз әсерлер туралы пікірлерді оқу мен үшін күлкілі. Әркім неге сенуді өзі таңдайды. Адамдар өздері тағайындайтын антибиотиктер туралы теріс пікірлер жазбайды, бірақ бұл әлдеқайда қауіпті. Баршаңызға денсаулық тілеймін!

Естеріңізге сала кетейік, қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін көшпелі вакцинация басқа құрылымдық бөлімшелерде де жүргізілген болатын.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу