ТКМКА делегациясы «Богатырь Көмірге» келді
04.06.2021
«Богатырь Көмірге» жұмыс сапарымен «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ) өкілдері келді.
Серіктестік қауымдастықпен жемісті жұмыс істеп келе жатқанына бірнеше жыл болды және көмір өндіру саласы үшін маңызды мәселелерді бірлесіп шешіп келеді.
- Біздің қауымдастыққа 120-дан астам компания кіреді. Біз көмір өндіретін кәсіпорындармен жұмыс істейміз, бірақ сіздер осы саладағы басты кәсіпорындарсыздар. Сіздермен өте жақсы байланыс орнаттық, - деп атап өтті ТМКҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұханов.
Компанияның басшылық құрамымен өткен кеңесте кездесуге қатысушылар қатты отынның бағасын белгілеу, көмір өнеркәсібін дамытудың орта мерзімді стратегиясын энергетика саласындағы ұқсас бағдарламалармен, сондай-ақ салық және экологиялық заңнаманың кейбір бағыттары бойынша үндестіру мәселелерін талқылады.
Төлеген Мұханов, ТМКҚ-ның Серіктестікпен өзара тиімді әріптестікте екенін атап өтті. Салалық келісімді талқылауға белсенді қатысқаны үшін, әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін жеке құрам жөніндегі директордың орынбасары Наталья Трофимоваға жеке алғыс білдіріп, оған грамота табыс етті.
Кездесу қорытындысы «Богатырь Көмір» компаниясы үшін ғана емес, жалпы Қазақстанның көмір өндіру саласы үшін де маңызды болатын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен іс-қимылдар туралы резолюция болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.