Стратегиялық сессияға қатысу

12.06.2021

«Богатырь Көмір» өкілдері «Екібастұзды дамытудың 2021-2025 кешенді жоспары» бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы стратегиялық сессияға қатысты.   

Талқылауға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев, белгілі қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап, компанияның техникалық директоры Сергей Усик, қала құраушы кәсіпорындардың басшылары, жергілікті бизнес қауымдастығы, қала белсенділері қатысты. Кездесуде Екібастұз аймағының көмір өнеркәсібінің болашағы, оның инвестициялық әлеуеті, экономиканы әртараптандыру жолдары, сондай-ақ даму және абаттандыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар топтарға бөлініп, ой-талқы форматында Екібастұзда даму үрдісіне бағытталған жаңа жобаларды қалыптастыру бойынша өз идеяларын ұсынды. Барлығы осындай жоғары әлеуеті бар моноқаланың болашағы зор деген ортақ пікірге келді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу