Журналистер «Богатырь» кенішінде

11.06.2021

«Богатырь» кенішіне Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевпен бірге республикалық және облыстық журналистер тобы келді.

Таныстыру баспасөз-туры «Екібастұзды дамытудың 2021-2025 кешенді жоспары» бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылды, онда «Богатырь Көмір» көмір өндіру компаниясына маңызды рөл бөлінді. Қонақтарды көмір өндіру үдерісімен, циклдік-ағындық технологиялар құрылысымен таныстырды.  «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап, компанияның техникалық директоры Сергей Усик тілшілердің барлық сұрақтарына жауап берді. Басшылар жаңа технология және оның артықшылықтары, сондай-ақ кеніштің техникалық жабдықталуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Богатырь Көмір»  ЖШС-нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу