Чех өнеркәсіпшілерінің делегациясы «Богатырь Көмір»-ге келді

28.05.2021

28 мамырда Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикль бастаған Чех компаниялары өкілдерінің делегациясы «Богатырь Көмір»  ЖШС-не іс сапармен келді.

Сапар аясында шетелдік қонақтардың  «Богатырь Көмір»  басшыларымен кездесуі өтіп, тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуді «Богатырь Көмір»  ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап ашты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен қолданыстағы технологиясы туралы оларды кәсіпорынның техникалық директоры Сергей Усик хабардар етті. Қонақтардың назарына «Богатырь» кенішінде циклдық-ағындық технология нысандарының құрылысы барысы, оның негізгі артықшылықтары туралы презентациялық бейнеролик ұсынылды. Өз кезегінде чех компанияларының өкілдері «Богатырь Көмір»-мен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдіріп, кеніштің тау-кен-геологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырыс бойынша дайындалатын әртүрлі тау-кен көлік жабдығын, сондай-ақ өнеркәсіптік жарылыс жұмыстарына арналған бастамашы құралдарды, сарқынды суларды тазартуға арналған технологияларды ұсынды. Чехия экспорттық банкінің өкілі Холуб Ян бизнес-жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтты. Сапар бағдарламасы «Богатырь» кенішінің қарау алаңына барумен жалғасты.

Сапарды «CzechTrade» агенттігінің өңірлік өкілі Петр Юрик қорытындылады:

– Біздің делегация құрамында пайдалы қазбаларды өндіруге арналған технологияларды жеткізумен айналысатын 7 чех компаниясының өкілдері бар. Олардың Қазақстанда және ТМД елдерінде жұмыс тәжірибесі бар. Олар қазақстандық нарықта жұмыс істеуге мүдделі, өйткені оның болашағы зор және біз бұл миссия нәтиже береді деп үміттенеміз. «Богатырь Көмір» компаниясымен іскерлік байланыстар орнату елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізетініне сенімдімін.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.