Богатырлықтардың спортқа қолдауы
18.05.2021
Екібастұздағы балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға «Богатырь Көмір» ЖШС айтарлықтай қолдау көрсетеді.
Компания әлеуметтік дамудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ағымдағы жылдың сәуір айында Екібастұз қаласында ұлдар мен қыздар, жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізуге 3 938 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Жарысқа «Богатырь Көмір» бөлген қаражатқа шығыс жекпе-жек түрлері бойынша жекпе-жек өткізуге арналған 144 татами сатып алынды. Жақында татами «Жасыбай» спорт кешеніне жеткізіліп жас спортшылар жаттыға бастады. Бельгиялық өндірістің жоғары сапалы материалдарынан жасалған күрес кілемдері қазір жас спортшыларға жарақат алу қаупінсіз күрделі техниканы қолдануға мүмкіндік береді. Айта кетейік, мұнда әр түрлі жастағы 80-нен астам спортшы жаттығады. Джиу-джитсу секциясының тәрбиеленушілері арасында «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің балалары бар. Айта кетейік, «Богатырь Көмір» демеушілігімен Екібастұзда алғаш рет өткен ел біріншілігінде секция жетекшісі Алмагүл Кашинаның тәрбиеленушілері Алтын медальдардан басқа бірден әлем чемпионатына 8 жолдама жеңіп алды. Аталмыш жарыс осы жылдың тамыз айында Киев қаласында өтеді. Қазір жас спортшылар осы жауапты жарысқа дайындалуда.
– «Богатырь Көмір» басшылығы мен ұжымына Екібастұз балалары үшін жасаған игі істері үшін зор алғысымды білдіргім келеді, – дейді Алмагүл Кашина. – «Богатырь Көмір» қаражатына сатып алынған татами барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Мұндай татамиде Азия және Олимпиада ойындарында жекпе-жек өтеді. Осындай сыйлық үшін барлық ата-аналардың атынан компанияға алғысымыз шексіз.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.