Тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар

06.05.2021

«Богатырь Көмір» компаниясы Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүрді сақтай отырып, тыл еңбеккерлері- кәсіпорын ардагерлерін мерекемен құттықтап, олардың әрқайсысына 10 000 теңгеден, сондай-ақ азық-түлік жиынтықтарын табыс етті.

«Богатырь Көмір» корпоративтік қорының атқарушы директоры Ольга Хозяшева мен біріккен жастар қозғалысының төрағасы Қуаныш Уәлиев Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін, компания басшылығы атынан еңбек майданына қатысушыларға жақсылық пен амандық тілеп, зор ризашылығын білдірді. Ұлы мереке қарсаңында олардың құттықтауларына компанияның аға буыны мен ізгі акцияға қатысқан біріккен жастар қозғалысының белсенділері де қосылды. Бұл күні туған кәсіпорынынан барлығы 26 тыл еңбеккері сыйлықтар алды. Ерекше ықыласқа бөленген ардагерлер Серіктестіктің басшылығы мен еңбек ұжымына ұдайы қамқорлығы мен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу