Жарқын мерекелерге сыйлықтар

02.05.2021

Екі діни мейрам Рамазан мен Пасха биылғы жылы оларды өткізу уақытына сәйкес келді. «Богатырь Көмір»  басшылығы бірлескен жастар қозғалысының өкілдерімен бірлесіп, бұл қасиетті күндері денсаулықтарына байланысты 1 және 2 топтағы мүгедекте отырған компания қызметкерлерін назардан тыс қалдырмады.

Серіктестік белсенділері Іздестіру- гуманитарлық жасақ еріктілерімен, сонымен қатар қаламыздың жастар бастамаларын дамыту Орталығының жастарымен бірлесіп, мұсылмандардың ауыз ашарына  арнап, бауырсақ, құрма, кәмпит, печенье, шәй, сүт, су салынған азық-түлік жиынтықтарын орап қаптады. Жексенбілік Пасхаға дәстүрлі тәттілерден басқа, торттар мен бояғыштар дайындалды. Азық-түліктер пакеттерге салынған соң, белсенділер топтарға бөлінді де,  тәттілерді жеткізді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.