Кішкентайлар үшін шеберлік класы
30.04.2021
Православиенің сүйікті мерекесі-Пасханы мерекелеу қарсаңында жас аспаздар Асанәлі Теміржан мен Санжар Әбдірахманов «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділерінде қонақта болды.
«Богатырь» кенішінің желдету қондырғыларының моторшысы Александра Каливина және Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының пойыздарын құрастырушы Қуаныш Уәлиев балаларға православиеліктердің Пасхаға қалай дайындалып жатқанын айтып берді. Балалармен бірге олар алдын ала боялған жұмыртқаларды жапсырмалармен безендірді, ал торттарға ақуыз жағып, түрлі-түсті сеппелер септі. Бұл қиын емес, тіпті көңілді болды. Серіктестік жастары осы жылы бірнеше аспаздық шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр, осылайша компания қызметкерлерінің балаларында дәмді тағамдар дайындауға деген сүйіспеншілікті оятады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.