Богатырлық көмек

17.04.2021

«Богатырь Көмір» ЖШС Әлеуметтік әріптестік туралы меморандум шеңберінде Екібастұз қаласында комбат джиу-джитсудан ұлдар мен қыздар, жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын ұйымдастыруға және өткізуге 3 938 000 теңге бөлді.

Жарысқа «Богатырь Көмір» бөлген қаражатқа шығыс жекпе-жек түрлері бойынша жекпе-жек өткізуге арнайы арналған 144 татами сатып алу көзделген. Бельгиялық өндірістің жоғары сапалы материалынан жасалған – JUDO-маталар, татами, өлшемі 1х2 м, «анти-слип» сырғанауға қарсы жабынысы бар. Күрес кілемдерінде толтырғыш ретінде полиэтилен көбігі бар. Мұндай татамиді қолдану спортшылардың жарыстар кезінде күрделі техниканы орындау кезінде жарақат алу қаупін азайтады.

Бүгін «Жасыбай» спорт кешенінің аренасында жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев, «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап, «Богатырь» кеніші директорының орынбасары Серік Саттаров қатысты.

«Богатырь» спортының ардагері Серік Саттаров жас балуандарға өзінің құттықтау сөзінде оларға адал күресте сәттілік пен жеңіс тіледі. Айта кетейік, ҚР біріншілігі Екібастұзда Қазақстанның барлық өңірлерінен мықты спортшыларды жинады.

Айта кетейік, «Богатырь Көмір» ЖШС үшін  туған қаласында спорттың дамуына қолдау көрсету-игі дәстүр. Компанияның демеушілігімен Екібастұзда 2019 жылдың желтоқсан айында қала әкімінің кубогына бокстан республикалық жасөспірімдер турнирі өткізілді. Бұған дейін қала басшысының өтініші бойынша кәсіпорын бокс рингін және 10 жұп қолғап сатып алуға 2 000 000 теңге бөлген болатын. «Богатырь Көмір» көрсеткен аталмыш көмектің арқасында Екібастұзда облыс орталығындағы сапасынан кем түспейтін жеке бокс рингі бар.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу