Тазалау жүргізілді
10.04.2021
«Богатырь Көмір» қызметкерлері дәстүр бойынша Екібастұз әкімдігінің қаланы абаттандыру бойынша айлық өткізу жөніндегі бастамасын қолдады.
Барлық құрылымдық бөлімшелердің 350 адамнан құралған тату ұжымы сенбілікке шығып, оларға сеніп тапсырылған аумақты ретке келтіру үшін бар күштерін салды. «Богатырь» кенішінің, БЖКБ-нің, ТЖЖЖД-нің, технологиялық көлік Басқармасының, ТКЖЖ зауытының, Автобазаның, энергиямен жабдықтау жөніндегі Дирекцияның, Атқарушы ақпараттың жұмыскерлері компанияның әкімшілік ғимаратына жақын Б. Момышұлы көшесі бойындағы аумақты және Қонаев даңғылын тазалықпен қамтамасыз етті. Барлық қатысушыларды қажетті құрал-сайманмен жабдықтады, олар болса, бірден жұмысқа кірісті. Серіктестік техниканың 14 бірлігін бөлді — «КамАЗ»-дар, жүк тиегіштер, тракторлар, «ЗИЛ» самосвалдары. Сенбілік қорытындысы қаланың таза көшелері және шығарылған 101текше метр қоқыс болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.