Жаңа думпкарлар келді
02.04.2021
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің басшылығы компанияның теміржол паркінің жаңаруына көп көңіл бөледі.
Биылғы жылы кәсіпорын Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының қажеттілігі үшін 2ВС-105 сериялы он екі думпкарды сатып алды. 6 бірліктен тұратын бірінші партия «Октябрская» станциясының кірме жолына жеткізілді. Өздері түсіретін вагондар аршылған жыныстарды тасымалдау үшін қолданылады және «Богатырь» мен «Северный» кеніштеріндегі тау-кен массаларын тасымалдауға пайдаланылатын болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.