ҮЖ жобалары: Тиімділікті дәлелдеді
30.03.2021
ҮЖ (үздіксіз жақсартулар) жобаларын қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 17 наурызда өтті. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының қолдауымен «Богатырь» кеніші, ТКЖЖ зауыты, ТЖЖЖД командалары өз жобаларын ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша өндіріске одан әрі енгізу үшін жеті жұмыс, оның ішінде «СРс(К)-2000 № 1146 роторлы экскаваторда жүріс механизмін бұруды басқару шпинделіне қаптаманы орнату» жобасы мақұлданды. Оны әзірлегені үшін сыйлықақы ретінде «Богатырь» кенішінің жобалау командасы 1 000 000 теңге алатын болады. Ұсынылған жобаның мәні келесідей: көбінесе экскаватордың жұмыс үрдісінде тректердің сынуы орын алады, содан кейін олардың бөліктері мен тау-кен массасы экскаватордың қозғалтқыш механизмін бұруды басқару шпинделінің корпусына түседі, бұл корпустың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Ал бұл әрі қарай жұмыс кезінде басқару шпинделін істен шығаруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жобалық команда өз күшімен роторлы экскаватордың қаптамасын жасап, орнатуды ұсынды. Айта кету керек, бұл шешім іс жүзінде өзінің тиімділігін растады: ол экскаватордың қозғалтқышының бұрылу механизмін басқару шпинделінің корпусына тау-кен массасының түсуін болдырмауға, сонымен бірге жаңа корпусты сатып алудан бас тартуға мүмкіндік берді. Шешімді енгізуден 6 ай ішінде қол жеткізілген экономикалық тиімділік 14 183 000 теңгені құрады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда компанияның кез-келген қызметкері өндірістік үрдістерді жақсарту бойынша ұсыныстар бере алады, оны үздіксіз жақсарту бастамаларының электрондық базасына (ҮЖ базасы) енгізеді. ҮЖ жобаларына қатысу – бұл қосымша материалдық сыйақы алудың және өз идеяларын тәжірибеге енгізудің нақты мүмкіндігі.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.