02.02.2021
Павлодар облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17.01.2021 жылғы № 1 қаулысының негізінде және COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС-не күшейтілген карантиндік шаралар енгізіледі.
Аурудың таралуына қарсы іс-шаралар күндізгі режимде жиналыстар өткізуге тыйым салуды, температураны тепловизорлармен өлшеу арқылы қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды қамтиды. Сонымен қатар, бұрынғыдай үй-жайларды, есік тұтқаларын, үстелдерді және басқа жиһаздарды үнемі тазалау жүргізіледі. Барлық қызметкерлер үй-жайларда, көлікте медициналық бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты – 1,5 метр сақтауға міндетті. Үй карантиніндегі адамдар оқшаулаудың барлық ережелерін сақтауы керек.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.