Қардай ақ үштік
18.01.2021
«Богатырь Көмір» компаниясының автопаркі әртүрлі мақсаттағы үш жаңа «КамАЗ» бен толықты: цистернасының сыйымдылығы 12 текше метр «КамАЗ - 43118 – 3027-50» негізіндегі отын құюшы, жүк көтергіштігі 12 тонна «КамАЗ – 53504-6013-50» негізіндегі ершікті тартқыш, цистернасының сыйымдылығы 10 текше метр «КамАЗ – 65115» негізіндегі су тасығыш.
Жаңа самосвалдардың кабиналары қардай ақ - жыл мезгілінің түсіне сәйкес, олардың әрқайсысының салоны қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына сәйкес келеді. Барлық келіп түскен автокөліктер Евро-5 класты қозғалтқышпен жабдықталған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.