Дені сау адамдар басымдықта
10.12.2020
Екібастұз қаласының әкімдігімен жасалған әлеуметтік саладағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Богатырь Көмір» компаниясы қалалық ауруханада ЖИТС орталығының Екібастұз бөлімшесінің базасында ашылған ПТР-зертханасының үй-жайларын ағымдағы жөндеу бойынша бүгінгі күні орындалған жұмыс көлемін қаржыландырды.
Жұмыстардың қалған бөлігі олар аяқталып, комиссияға тапсырылғаннан кейін қаржыландырылатын болады. Жалпы, келісімге сәйкес, зертхананы жөндеуге кәсіпорын 7 812 730 теңге көлемінде демеушілік көмек бөледі. Жұмыс істеп тұрған ПТР-зертхана Екібастұз өңірінің және Баянауыл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Онда бар жабдықтар тәулігіне 300-ге дейін зерттеу жүргізуге және 12 сағат ішінде организмде короновирустың болуын диагностикадан өткізуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «Богатырь Көмір» компаниясының өңірдің денсаулық сақтау саласына көрсеткен қаржылай көмегі бірінші рет емес. Бұған дейін Серіктестік Екібастұз қалалық ауруханасына бөлімшелерді жабдықтауға медициналық жабдықтар, жиһаз және тұрмыстық техника сатып алуға бірнеше рет көмектескен болатын.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.