«Богатырлықтарды» ұлықтады

30.11.2020

«Богатырь» кенішінің 50 жылдығы құрметіне әкімдіктің үлкен залында салтанатты қабылдау болды. «Богатырьдің» кеншілерін мерейтойлық күнмен Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев және қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков құттықтады.

Олар өздерінің құттықтау сөздерінде еліміздің барлық отын-энергетикалық саласында «Богатырь» кенішінің маңыздылығын атап өтті. Бұл жерде Екібастұз өңірінің әлеуметтік – экономикалық дамуына көмір шығарушы кәсіпорынның қосқан елеулі үлесі де ескерілді.

Адал еңбектері мен белсенді өмірлік позициялары үшін және кеніштің 50 жылдығын мерекелеуге байланысты «Қала алдындағы еңбегі үшін» белгісімен О.Н. Безрук және А.Т. Царев марапатталды. Қала әкімінің құрмет грамотасын алғандар: А.К.Имбетов, М.Ж. Қажтаев, Ж.С.Каримов, Г.П. Мордвинцев. Қала әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар: И.М.Габдулганеев, В.Н Добродеев, А.Ф. Малыгин, П.В.Сальников

Қалалық мәслихаттың құрмет грамотасымен марапатталғандар: С.А.Төлеубаев, В.В. Каринский, В.И. Лазу, О.И. Нығметов.

Алғыс хат алғандар: Д.Ю. Половков, Ф.П.Нечупаев, П.В.Будин.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу