«Богатырь» кенішіне жарты ғасыр

30.11.2020

Бүгін, 30 Қарашада, 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген, әлемдегі ең үлкен көмір кеніші – «Богатырь» 50 жасқа толады. «Богатырь Көмір» компаниясында бірқатар іс-шаралар мерейтойлық күнге орайластырылды.

Мереке қарсаңында көру алаңында «Богатырь» кенішіне 50 жыл» ескерткіш монументі ашылды. «Богатырьда» 40 жылдан астам жұмыс істеген кеншілер ведомстволық наградалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, кеніш ардагерлері мерекелік төлем алды. 50 жылдық мерейтойы тақырыбына «Bogatyr.kz» корпоративтік басылымның арнайы шығарылымы және интернет-ресурстарда орналастырылған бейнероликтер топтамасы арналды. Осы жыл бойы «Богатырь» тарихындағы ең маңызды оқиғалар компанияның әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде айтылды.

Осы мереке күндері «Богатырь» кенішінің еңбек ұжымына құттықтау хаттар келіп түсуде. Кеншілерді алғашқылардың бірі болып 1976-1982 жылдар аралығында кенішті басқарған Вячеслав Каландаришвили құттықтады. Мерейтойлық күнге орай «батырларға» құттықтау хатын ҚР тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец жолдады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу