Экология басымдықта
26.11.2020
«Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директорының орынбасары Наталья Шулаева «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ақпараттық жариялау бойынша облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізген брифингте «Богатырь Көмір» компаниясының табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсаған шығындары туралы есеп берді.
Өз баяндамасында ол қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланған іс-шараларға күтілетін шығындар айтарлықтай артқанын атап өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында олар 961 595,0 мың теңгенің орнына 3 324 518,8 мың теңгені құрады. Қаражат кенжарларда көмірді экскавациялау кезінде, өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде – 69 264,3 мың теңге шаң басуға бағытталды. Шаңтұтуды төмендету 32 тоннаны құрады. Үйінділерге жиналатын көмір бар жыныстардағы тотығу процестерінің алдын алу үшін үйінділердің үстерін жыныстармен тығыздау және экскаватор үйінділерін оқшаулау жүргізілді, іске асыруға – 42 476,8 мың теңге бағытталды. Ластаушы заттардың шығарылуын қысқартуға мүмкіндік берген DML бұрғылау білдектерінің шаңтұтқыш жүйелерін жөндеуге 5 719,6 мың теңге жұмсалды. Кәсіпорында өнеркәсіп алаңдарын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ландшафтық әртүрлілікті қолдауға арналған шығындар 3 718,2 мың теңгені құрады. Осы және басқа да іс-шаралар «Богатырь Көмір» өнеркәсіптік алаңындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етті.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.