Жақсылық жасау
12.11.2020
Жақсы істер жасау үшін себеп қажет емес. Жақсы ниет болса жеткілікті.
Мұны «Исабек Ишан» кесенесіне (Ақкөл ауылы) және «Жандарбек» мешітіне (Ақтоғай ауылы) 20 тонна көмірді тегін бөлген «Богатырь Көмір» компаниясы дәлелдейді. Көмір өндіретін кәсіпорын үшін рухани мекемелерге көмек көрсету ежелден келе жатқан дәстүр, оны кеншілер жылдар бойы үздіксіз орындап келеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.