Балалар спортын дамыту үшін
29.09.2020
«Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік саясаты көп қырлы.Оның қамтитын салаларының бірі – ол спорт.
Екі жылға жуық кәсіпорын спортсмендердің басқа қалаларға жарыстарға барулары үшін тегін көлік бөліп, Екібастұздағы «Кекушинкай каратэсі» секциясын қолдап келеді. Осы ынтымақтастықтың арқасында, көп балалы отбасылар қатарындағы компания қызметкерлерінің балаларында секцияға тегін баруға және өз спорттық шеберлігін дамытуға мүмкіндік бар. Бүгінгі күні «Кекушинкай каратэ» секциясының сабақтарына жеті бала барып жүр. Жақында ғана, олардың екеуі аттестациядан сәтті өтті(кю тест): Сартаев Нариман қызғылт сары белдікті және Айтанов Арсен көк жолақ бар қызғылт сары белдікті қорғады. Балаларды және олардың ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа спорттық шыңдарды бағындыруларын тілейміз!
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.