Жаңа техника келді

04.08.2020

Компанияның автомобиль паркін «Нива Урбан» үш жаңа жол таңдамайтын көлік пен «УАЗа-390995» үш жүк-жолаушылар автомобилі толықтырды.

Келген автокөлік инвестициялық бағдарлама аясында сатып алдынды және күрделі құрылыс бойынша дирекцияның учаскелерінде жұмыс атқаратын болады. Өтімділігі жоғары «Урбан» кеніштің технологиялық жолдары бойынша жүруге бейімделген жеңіл автомобильдер класына жатады. Жүргізушіге және жолаушыларға ыңғайлы және жайлы болу үшін машина ауа баптағышпен, электрлі әйнек көтергіштермен, алдыңғы орындықтарды жылытумен, электрайналармен жабдықталған. Кеніште қауіпсіз жүру үшін жарық диодты жылтыр шамшырақтары бар, сондай-ақ автосигнализация жүйесі енгізілген. «Нива Урбанның» ұлғайтылған алдыңғы есіктерінің көлемі салонға ыңғайлы отыруға мүмкіндік береді. Машинада сыйымды жүк бөлігі бар. Жаңа «УАЗ-390995» жақсы жағы – салоны кең, қыстың суығында жолаушыларды жылумен қамтамасыз ететін қосымша жылытқышы бар. Олардың жолдағы қауіпсіздігі үшін 3 таңбалы инерциялық қауіпсіздік белдіктері қарастырылған. «УАЗ-390995» артында жүк бөлігі бар. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында компания осындай модификациялы «УАЗ-дың» бірнеше бірлігін сатып алған болатын.  

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу